Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауында елімізде креативті экономиканың ауқымды дамуы үшін барлық жағдай жасауымыз керектігін айтқан еді. Оның ішінде зияткерлік меншікті құқықтық құралдармен қорғау – түбегейлі маңызды мәселе. Зияткерлік меншік – жабдық немесе технология сынды мүлік.
Ұлттық заңнамаға жаңа ұғым – «географиялық көрсеткіш» өнеркәсіптік меншік объектісі енгізілді. Географиялық көрсеткіш ауыл шаруашылығын дамытуда, ұлттық брендтерді ілгерілетуде, шетелде өнімді тануда маңызды рөл атқарады.
Осы тұрғыда облыстық Әділет департаментінің басшысы Әлия Аманжолова тауарлар мен өнімдердің географиялық шығу тегі туралы айрықша белгілер олардың сапасының кепілі екенін түсіндіріп берді.
“Мемлекет басшысы Алтын Сапа сыйлығын табыстауға: «Қазақстанда жасалған» деген бренді бүкіл әлемге танымал бола алатындай ең жоғары сапа мен үздік өнімнің символына айналуы тиіс», – деп атап өтті. Біздің республикамыздың географиялық нұсқауларының мемлекеттік тізілімінде әзірге тек 5 географиялық көрсеткіш тіркелген”, – дейді Әлия Аманжолова.
Олар атап айтқанда, «Turkistan» шоколады, «TURKISTAN» балмұздағы, «Қарағанды» балмұздағы, «ЧАЧА Чача» (Грузия), «Алматы Апорт».
“Біздің облыс республикада да, одан тыс жерлерде де танымал өнімдерге, өндіріске бай. Осы тұста кәсіпкерлеріміздің географиялық көрсеткіштерін тіркеуге белсенді қатысуымыз қажет. Тиісінше, бізге жүгінген әр кәсіпкер мен кәсіпорынға Әділет департаменті “Атамекен” кәспкерлер палатасымен бірлесе отырып, білікті заң көмегін көрсетуге дайын”, – дейді департамент басшысы.