Ұлттық сапа орталығы жастарды жол саласына шақырады

Ұлттық сапа орталығы жастарды жол саласына шақырады

Қазақстандағы жолдардың сапасына жиі сын айтылады. Мамандар “оған бірнеше фактор әсер етеді” дейді. Жол құрылысына қажетті материалдардың тапшылығы, олардың сапасыздығы және аталған мәселелерден бөлек, кәсіби мамандардың жетіспеушілігі осы саладағы ең өзекті тақырыпқа айналған. Сондықтан, республикалық және жергілікті маңыздағы автокөлік жолдарындағы жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізетін орталық негізгі бағытпен қоса, жыл сайын «2000 мектеп» акциясын өткізеді.

“Акцияның мақсаты – жас буынды жол саласына қажетті мамандықтар бойынша білім алуға шақыру. «Кей абитуриенттер оқуға грант иегері атанған соң түсіп жатады. Алайда, оқу аяқтаған соң мамандық бойынша жұмыс істеп қалатындары аз. Сол себепті «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Қостанай облыстық филиалы ұйымдастырып отыратын Ашық есік күніне студенттерімізді жиі апарамыз. Олар мұндай шаралардан ерекше әсер алып, мамандықтарына деген қызығушылықтары оянады», –

дейді Қостанай автокөлік колледжінің мұғалімі Асем Болатқызы.

“Бұл акция Қостанай облысында да жүйелі ұйымдастырылып отыр. Орталық өкілдері жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, жол саласына қажетті мамандар және қандай жоғары оқу орындарында білім алуға болатыны туралы айттық. Биыл Қостанай облысындағы 120-дан астам білім ордасында кездесулер өткіздік”, –

дейді филиал бөлім басшысы Наталья Якуба.

Жаңалықтармен бөлісу