«Ұлттық қор – балаларға»: тұрғын үй және білім алуға арналған төлемдер

«Ұлттық қор – балаларға»: тұрғын үй және білім алуға арналған төлемдер

2024 жылдан бастап Қазақстанда «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

Бағдарламаға сәйкес Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50%-ы 18 жасқа дейінгі балалардың арнайы жинақ шоттарына аударылады және оны мерзімінен бұрын шешуге болмайды. 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап төлемдер басталды, олар Қазақстан азаматтығы бар 18 жасқа дейінгі барлық балаға арналған. 2024 жылы бағдарлама қатысушыларының шоттарына $695,5 млн төленді.

$30,6 млн 2024 жылы 18 жасқа толған немесе толатын балаларға төленеді. Қазірдің өзінде уәкілетті операторлар арқылы $3,4 млн сомасына 33,5 мыңнан астам өтінімнің қаражаты банктік шоттарға аударылды. Оның ішінде $1,8 млн сомасына 18 мыңға жуық өтінім тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталса, $1,6 млн сомасына 15,5 мың өтінім білім алу үшін төленді.

Тұрғын үй құрылысы

Тұрғын үй құрылысы әлеуметтік саясаттың маңызды элементі болып табылады. 7 жыл ішінде Қазақстанда 111 млн шаршы метр тұрғын үй салынуы керек. Сондай-ақ 2024 году  жылы тұрғын үй құрылысы 18 млн шаршы метрге жетеді.  Осылайша  1 млн-нан астам отбасы баспанамен қамтылады.

Тұрғын үйді уақытылы пайдалануға беру үшін Астана, Шымкент және облыстар әкімдіктері биыл қолданысқа берілетін нысандар нақты көрсетілген Жол картасын әзірлеп, бекітті.  Қаңтар-қазан аралығында 14 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 123,8 пәтер мен үй пайдалануға берілді.

Бұдан бөлек, 2024 жылы ел бойынша тұрғын үйлердегі 200-ден астам лифтіні ауыстыру жоспарланған. Бұл өз кезегінде мыңдаған қазақстандықтың өмір сүру деңгейін жақсартпақ.

Жаңалықтармен бөлісу