Жітіқараның № 12 мектебінде жыл сайын ұстаздар, ата-аналар, оқушылар бірлесіп ұлттық кілем тоқу акциясын өткізіп келеді. Бүгінде алаша, текемет, сырмақ бұйымдары мектеп ішін көркейтіп тұр.
Бұл іс-шара қатысушылар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етіп қана қоймай, ұлттық бірлік пен ынтымақ сезімін қалыптастырды.
«Бәрімізді жай сөзден гөрі бізді ерекше біріктіріп, халық дәстүрлері мен мұраларын тануға мүмкіндік береді», – дейді мектеп оқушыларының ата-аналары Жанар Мақатова мен Вера Тюнина.
Мектеп өміріне бұл дәстүрді оқушылар мен әріптестерді педагогикаға деген ерекше көзқарасымен шабыттандыратын талантты көркем еңбек мұғалімі Светлана Фадеева енгізген болатын.
Светлана Анатольевнаның коллекциясы ұлттық стильдегі 30-дан астам ерекше туындыларды қамтиды. Оның коллекциясының әрбір элементі қазақ халқының мәдени мұрасы мен дәстүрлеріне деген жоғары құрметін көрсетеді.Әсіресе, киізден жасалған туындылары шебердің қолында ерекше қасиеттерге ие болып қана қоймай, нағыз өнер туындыларына айналды. Педагог өз жобаларын республикалық деңгейде табысты ұсынып, оқушыларының жұмыстары жүлделі орындарға ие болуда.
2024 жылғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының жеңімпазы және конференциялар мен семинарлардың белсенді қатысушысы Светлана Анатольевна мектепті біріктіретін жақсы дәстүрдің негізін қалады.