Ұлттық нақышпен жасалған сөмкелер

Ұлттық нақышпен жасалған сөмкелер

“Шебердің қолы ортақ” байқауының кезекті қатысушысы – Ғалия. Қостанай қаласының 44 жастағы тұрғыны мектеп жасынан тігінмен, тоқымамен айналысады. Ол көрпе-жастық, сөмке, дорба және тойбастар материалдарын тігеді. Бүгін байқауға ұлттық нақышта жасалған сөмкелерін ұсынып отыр.

Қазақтың ою-өрнегі салынған сөмке ерекше көз тартады. Автор мұны жасаудың жолдарын да қарапайым түсіндіре өткен.

“Алдымен біз сөмкеге арналған бөлшектерді пішіп,, ою-өрнектерді әзірлейміз. Материал – корольдік велюр. Сөмкені тығыз ету үшін біз негізгі материалды фетрге тігеміз. Сөмкенің дайындалған бүйір бөліктеріне ою-өрнектерді зигзагпен тігеміз. Содан кейін біз сөмкенің барлық бөлшектерін қосамыз, қалтасы бар ішкі қабатын, тұтқаларын, түймесін бекітеміз. Безендіру үшін брошь қолдануға болады”, – дейді ол.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу