Облыс көлеміндегі үкіметтік емес емес ұйымдар арасындағы екі жылдық жоба мәреге жетті. Қоғамдық даму басқармасының жанындағы ресустық орталығының тапсырысын ойдағыдай атқарған он үздік ұйым әр бағыт бойынша таңдап алынды. Бұл ондықтың арасынан «Жанашыр бол» қоғамдық қорын ерекше атап өтудің орайы туып отыр. Аталған ұжым республикалық байқауда топ жарып, жылдың үздік үкіметтік емес ұйымы атанды.
Сабина Распекова басшылық ететін «Жанашыр бол» қоғамдық қоры өңірдің мәдени мұрасын насихаттап, отбасы мен жастар туризмін дамытуға үлкен үлес қосып отыр. Бұл туралы жыл үздіктерін марапаттауға келген облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Иосифқызы сүйіншіледі.
«Еріктілер күні қарсаңында ең үздік ұйымдар мен белсенділерді марапаттау үшін жиналып отырмыз. Бұл күні біз қоғамның әл-ауқатын жақсарту жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандарды ерекше атап өтеміз. Облыс әкімі таяуда өткен аппарат жиынанда азаматтық қоғамның рөлі ерекше екенін атап өтті. Ортадағы белсендіктің артып келе жатқанының арқасында сіздердің тараптарыңыздан облыс мерейінің өсіп отыр. Бүгінде осы бағытқа бөлінетін қаржы көлемі 18 млн теңгеден асты. Мұнымен тоқтап қалмауымыз қажет. Бұл бағытта арнайы уақыт арнап келе жатқан еңбектеріңізді бағалай отырып, одан да жақсы ұсыныстар күтеміз. Арнайы құрылған ресурс орталығы сіздерге әрдайым көмек беруге дайын. Кез келген уақытта жүгіне аласыздар», – деді Динара Иосифқызы.
Екі жыл қатарынан осы жобаларды атқаруға бірге үлес қосқан «Ел ертеңі» қоғамдық бірлестігі Топ 10 байқауында діни сауаттылық бағыты бойынша үзідік атанды.
«Біздің негізгі бағытымыз мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Мемлкеттік тілдің мәртебесін, діни сауаттылықты дамыту бағыттары. Екі жыл бойы жастардың арасында әртүрлі ағымдарды болдырмау бағытындағы үлкен біраз жұмыстарды жүзеге асырып келдік. Әрі қарай жа жүзеге асыра береміз», – дейді жобаның үйлестірушісі Болат Қалиев.
Үкіметтік емес ұйымдар – бұл қоғамның жүрегі. Олар әрдайым халықтың жанынан табылып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетіп, жастарға рухани тәрбие беріп, табиғатты қорғауға үлес қосады. Осы ұйымдардың арқасында қоғамымыздың көптеген мәселелері шешімін тауып келеді.
Санар Есжанов Рудный қалалық мүгедектердің ерікті қоғамын 20212 жылдан бері басқарып келе жатыр.
«Мүгедектерді жұмыспен қамту бағытында жұмыс істеп келеміз. Бүгінде қырықтан астам мүгедек жан еңбекпен қамтылды. Өзіміздің көлік жөндеу тұрағымыз бар. Асханамыздың қызметі тұрақты Кейбір еңбеккерлеріміз жиһаз шығарумен айналысады», – дейді Санар Сағындықұлы.
Диана Жоламанова жетенкшілік ететін «Тыңда мені» қоғамдық қоры есту қабілеті жандарды кәсіпке баулып келеді.
«Жуырда ағаш өңдейтін лазерлі станок алып, жемісін көріп жатырмыз. Қазір балаларымыз ағаштан түйін түйіп,әртүрлі өнім өндірудің қыр-сырын игеріп алды. Біздің ұйым ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмектесіп, оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуге мүмкіндік береді», – дейді Диана Жоламанова.
Толығырақ газеттен оқи аласыздар.
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суреттерді түсірген – Бағдат Ахметбеков