Үздік спортшылар марапатталды

Үздік спортшылар марапатталды

Бүгін облыста дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлестері үшін танылған спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды.

Халықаралық жарыстардың, атап айтқанда олимпиадалық, бейолимпиадалық, ұлттық спорт түрлері мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы жетістіктердің қорытындысы бойынша ұйымдастырылған іс-шараның сыйлық қоры 15 000 000 теңгені құрады.

«Өткен жылға өкпе жоқ. 2024 жыл біз үшін жетістіктерге толы болды. Қостанайлық спортшы қыз параолимпиада ойындарында алтыншы орынға тұрақатады. Ауыр атлетіміз әлем чемпионатында күміс жүлдемен қуантты. Көшпенділер ойындарында ұл-қыздарымыз құрама командада өнер көрсетті. Биыл қысқы Азия ойындарына тоғыз шорттрекшілеріміз жолдама алып жатыр. Ол дегеніміз облыс үшін үлкен жетістік”, – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазина.

Қостанай облысының биыл жыл бойына үздік нәтиже көрсеткен спортшылары мен жаттықтырушыларын марапаттады.

Марапатталған жандардың арасында дзюдодан спорт шебері, ересектер арасындағы Азия ашық кубогының жеңімпазы Самалай Ерғалиева да бар.

“Бұл мен үшін күтпеген қолдау болды. Әрдайым жаттырушылар мен халқымның сенімін ақтауға тырысамын”, – дейді Самалай Ерғалиева.

Ол Ақтау қаласында өткен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері.

Ақтөбе, Шымкент қалаларында өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы.

Ауыр атлетикадан биылғы Азия чемпионы Алексей Чуркин зор құрметке ие болды.

“Әлем чемпионы болуды көздеген болатынмын. Бахрейн төрінде күмісті қанағат тұтып, бұл есемді Азия біріншілігінде қайтарғаныма қуаныштымын. Алдағы олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындықты бастаймыз”, – дейді Азия чемпионы.

Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Айбек ЖҮЗБАЙ 

Суреттерді түсірген – Бағдат Ахметбеков

Жаңалықтармен бөлісу