Кеше Тобыл қаласының кіреберісіндегі айналма жолда үш жол-көлік оқиғасы болды.
Барлық оқиға ауа райының бұзылуы кезінде қашықтықты сақтамау салдарынан болған.
“Кеше сағат 21.30 шамасында Тобыл қаласындағы айналма жолда “Тойота” және “Шевроле” автокөліктері соқтығысқан. Кейінірек “Мерседес” пен “Ниссан” бір-біріне соғылды. Содан соң “Дэу Нексия”, “Ауди” және “Рено” көліктері қақтығысып қалды. Оқыс жағдайлар салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Оларға амбулаториялық ем тағайындалды”, – делінеді облыстық ПД хабарламасында.
Полицейлер жүргізушілерге ауа райының бұзылуы кезінде қашықтық пен маневр жасау ережелерін сақтау керек екенін ескертті.