Үлескер боламын деп, үйсіз қалмаңыз

Үлескер боламын деп, үйсіз қалмаңыз

Соңғы кезде үлескерлерді тарту туралы хабарламалардың көбейіп кеткені жасырын емес. Қала әкімі Марат Жүндібаев тұрғындардың үлестік құрылысқа қатысу кезінде сақ болуы керек екенін айтты.

“Қалада тұрғын үй құрылысы үшін сатып алушылардың қаражатын тартуға құқығы бар бір ғана компания бар, ол – “БК-Строй”.  Олардың лицензиясы бар. Қалғандары үйді өз есептерінен салулары керек”, – деді Марат Жүндібаев.

Егер құрылыс жүргізуші тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы ҚР заңнамалық актісінінің талаптарын бұзса, оған 300 АЕК (1 107 600 теңге) мөлшерде айыппұл салынады. Ал тұрғын үй құрылысының мердігерлері бірнеше талапты орындамаса, үлескер тарта алмайды. Ол бірыңғай оператордың кепілдігін алып, екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысады. Сөйтіп, көп пәтерлі тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін ғана үлескерден қаржы ала алады. Оған облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы жергілікті атқарушы органдары үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат береді. Көп пәтерлі тұрғын үйлер салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын өзге тәсілмен алуға тыйым салынған.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу