1 шілдеде Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы алуүшін, жыл сайын өтетін конкурсқа өтінім қабылдау басталды. Конкурстың мақсаты – ҮЕҰ әлеуетін нығайтуға және қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыру үшін, олардың мотивациясын арттыруға бағытталған маңызды институционалдық қолдау көрсету.
Сыйлық 16 әлеуметтік маңызды бағыт бойынша беріледі, ал бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК құрайды.
Айта кетейік, соңғы 7 жылда 420 ҮЕҰ қоғамдық мәселелерді шешуге өзүлесін қосып, осы беделді марапатқа ие болды.
Қоғам өміріне белсенді араласатын, өз саласында көшбасшы атанған, әлеуметтік мәселелерді шешуге елеулі үлес қосқан және инновациялық идеяларды іске асырған ұйымдар конкурсқа қатысуға өтінім бере алады. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 18:30-да аяқталады.
Қатысушарттары туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді: www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/685056?lang=kk
Қосымша ақпарат алу үшін мынателефондарға хабарласуға болады:
+7 (7172) 74-09-97, 74-13-41, 74-02-17.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі