Алтынсарин ауданында үш күнге ұласқан облыстық спорт додасы мәреге жетті. Облыстың барлық аудан-қалаларынан екі мыңға жуық қатысушы спорттың 19 түрінен сайысқа түсті.
Қорытындысында, жалпыкомандалық есепте Қостанай ауданы 3-орынға ие болса, рудныйлық спортшылар 2-ші тұғырдан көрінді. Ал спартакиаданың бас кубогын Қостанай қаласының командасы жеңіп алды.
Алдағы жылы обылстық спартакиада Қарабалық ауданында өтеді.
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Жандос Жүсіпбеков
Суреттерді түсірген Бейбіт Мейрамұлы