Биылғы көктемгі су тасқынынан кейін Арқалық қаласы бойынша үйлері қайта жөндеуге жарамай қалған 33 отбасына «Аяла» қоғамдық қоры арқылы пәтер сатып алынып берілген болатын.
Аталған қор кезекті рет осы баспаналы болған жанұяларға тұрмыстық техникалар алу үшін 125 мың теңгелік сертификаттар ұсынды.
Сертификаттарды қала әкімі Әмірхан Асанов тұрғындарға салтанатты түрде табыс етті.
М.Бекетұлы
Арқалық қаласы