Қамыс өртінен эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне оралды

Қамыс өртінен эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне оралды

Қостанайда қамыс пен шөптен шыққан өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, бұрын эвакуацияланған жақын маңдағы жеке сектордың тұрғындары үйлеріне қайтарылды, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«Шипин көшесіндегі 10 үйден эвакуацияланған 35 адам үйлеріне қайтарылды. Өрттің тұрғын үй секторы мен аулаға таралуына жол берілмеді, тұрғын үйлерге қауіп төнген жоқ», – деп хабарлады ТЖД.

Қазіргі уақытта өрт орнында 8 техника және Қостанай облысы ТЖД, «Қостанай СУ» ЖЗҚ, «ҚТЖ» АҚ жеке құрамының 27 адамы жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Қостанайдағы жеке сектор тұрғындары қамыс пен шөптің өртенуіне байланысты эвакуацияланғаны хабарланған болатын.

Ш.АҢСАҒАНҚЫЗЫ.

 

Жаңалықтармен бөлісу