Тараз қаласында дзюдо күресінен жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Осы жарыста Қостанай облысы командасы сапында бәсекеге түскен ағайынды қос балуан жеңіс тұғырынан көрінді.
Жанкелдин ауданы Шилі ауылында туған немерелес ағайындар – Досбол Балғабай (81 келі) мен Мағжан Бейсенбайұлы (66 келі) боз кілем бәсекесінде жарқырай көрініп жүр. Осы жолы да жас балуандардың бағы мен бабы қатар шауып, «Қазақстан чемпионы» атағын иемденді.
«Жас дарындар біздің ауылдағы ағайынды азаматтар – Балғабай, Бейсенбай Абдуаитовтардың балалары. Айды аспаннан шығарып, айдарларынан жел есті деген осы. Бұл біз үшін зор қуаныш, үлкен мақтаныш, айтулы мәртебе. Ертең тағы бір ауылдасымыз Жансая Асылбекқызы 78 келі салмақта сайысқа түседі. Рулас ағаларының жеңісті жолын жалғауына тілектеспіз. Бір ауылдан үш чемпион шықса, өте керемет жетістік болар еді», – деп сүйіншілерді әлеуметтік желілерде жас чемпиондардың ауылдастары.
Жарыс қорытындысынан соң толығырақ ақпарат беретін боламыз.