Жанкелдин ауданында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, бірлік пен татулықты нығайту, ұрпақ тәрбиесінде үлгі болып отырған отбасыларды қолдау мақсатында өткізілетін дәстүрлі «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының аудандық кезеңі өз мәресіне жетті.
Байқау нәтижесінде үздік деп танылған отбасылар марапатталып, ақшалай сыйақы табысталды. Жеңімпаздарды салтанатты түрде Жанкелдин ауданы әкімінің орынбасары Еренбол Алматов марапаттап, байқауға белсенді қатысқан отбасыларға ризашылығын білдірді.

Нәтижелеріне тоқталар болсақ, «Өнегелі отбасы» арнайы сыйлығының иегері Қарпықовтар отбасы (Тәуіш ауылы) және Қонақбаевтар отбасы (Ақшығанақ ауылы) 20 000 теңге ақшалай сыйақы, «Үлгілі отбасы» арнайы сыйлығының иегері Хамзиндер отбасы (Шеген ауылы) және Деріпсалиндер отбасы (Шилі ауылы) 20 000 теңге ақшалай сыйақы иегері атанды.
Жүлделі ІІІ орынды Айсағалиевтер отбасы (Сужарған ауылы) 30 000 теңге ақшалай сыйақы, ІІ орынды Ахметбектер отбасы (Торғай ауылы) 50 000 теңге ақшалай сыйақы иеленді.
Ал, облыстық кезеңге жолдама І орынды Ғабдырақовтар отбасы (Торғай ауылы) 100 000 теңге ақшалай сыйақы жеңіп алды.
«Мерейлі отбасы – 2025» байқауы — отбасы институтының маңызын арттырып, жастарды ұлттық тәрбиенің негізі саналатын шаңырақ құндылығын бағалауға бағыттайтын игі бастама.
Мұрат Жүнісұлы Жанкелдин ауданы
