Торғай театры Арқалық жұртшылығын өнерімен сусындатты

Торғай театры Арқалық жұртшылығын өнерімен сусындатты

Жангелдин аудандық Н. Ахметбеков атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған Халық театры өткен жылы Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орайластырып қойылған “Ояндың ба екен қазағым?!” атты туындысын арқалықтық көрермендердің назарына ұсынды.

Кесек туындының авторы – белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Әбутәліп Әмір. Қоюшы режиссеры  – театр және кино актеры Марғұлан Әбдібек.

blank blank blank Арқалық халқы қойылымды аншлагпен тамашалады. Халық театрының өнерпаздары өз рөлдерін асқан табандылықпен ойнап шықты.

blank blank Қойылым соңында қала әкімі Әмірхан Асанов ұлттық мәдениетті дамытып, рухани құндылықтарды дәріптеген өнерлі ұжымға ризашылығын білдіріп, «Ықылас гүлі» мен Алғыс хатын табыс етті.

«Қыс мезгіліне қарамастан көрші ауданнан келіп, қала жұртшылығына жақсы көңіл — күй сыйлағандарыңыз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Жақсы қойылым болды. Жастардың өнерлері өркендей берсін. Ел басына мұндай қиыншылық ешқашан тумасын. Еліміз ата – бабаларымыздың салып кеткен сара жолымен дами берсін», – деді қала әкімі Әмірхан Асанов.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank Ел мерейін асырған өнерлі ұжымға Арқалық қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Әубәкіров те ыстық ықыласын білдіріп, ардагерлер ұйымы атынан алғыс хат табыстады.

blank

«Әртістеріміз кәсіби маман болмаса да «болмасаң да ұқсап бақ» деп қазақ атамыз айтқандай алға жақсы бір қадам жасап жатыр. Бұл спектаклді өткен жылғы Міржақып атамыздың мерейтойындағы премьерасынан кейін ауданымызда ауылдық елдімекендерде қойып, жұртшылықтың жылы қабылдауларына ие болдық. Алға қойған мақсатымыз — осылай үлкен театрлармен байланыс жасап, жастарымыздың талабын ұштап, өнерлерін әрі қарай дамыту», – дейді Жангелдин аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Асанханқызы.

Сандуғаш Алматова,

көрермен:

blank

«Елдегі жұмыс жасап жатқан жастардың өнерге деген талпынысын байқадық. Міржақып атамыздың қиын-қыстау кезеңде көрген өмірін, ел үшін жасаған қызметін сондай көркем түрде баяндай білді»

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                              Арқалық қаласы