Оның арнайы техникасының, тікұшақтары мен ұшақтарының саны көбейтіліп, Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылмақ. Бұл қызмет жер асты су ресурстарын барлау және қорғау жұмысымен айналысатын болады.
Президент бүгінгі отырыста қоршаған ортаның жай-күйін естен шығармау керектігін де тапсырды.
“Қоғамда экология мәдениетін қалыптастырып, табиғатты аялау қағидасын дәріптеген жөн. Менің бастамаммен елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны өтіп жатыр. Мұндай шаралар су тасқыны болған аймақтарда да ұйымдастырылады. Ескертемін, бұл – ешқандай да бір реттік іс-шара емес. Барлық өңірде аумақтарды көгалдандыруға және тазалауға көп көңіл бөлу керек. Әркім ортақ іске үлес қосатын болса, еліміз көркейе түседі”, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы.
Қалалар мен ауылдарды абаттандырылып, әрбір үй, аула, тұрғын үй кешені, саябақ және басқа да нысандар әкімдердің де, жұртшылықтың да назарынан тыс қалмау қажеттігін баса айтты.
“Саламатты әрі жайлы орта қалыптастырамыз десек, азаматтар барынша белсенділік танытуы керек. Қоғам мүлкіне залал келтіретін адамдарды заңмен жауапқа тартамыз. Әкімдер Үкіметпен бірлесіп жергілікті жолдарды жөндеуге кірісуі қажет. Бұл жұмыстар әкімдердің қызметін бағалайтын негізгі индикаторлар тізіміне енгізіледі”, –деді Президент