Еліміздің кәсіпорындарында 600-ден аса қызметкер зардап шекен. Олардың 79-ы қаза тапқан. Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі Қостанай, Абай, Қарағанды облысында және Алматы қаласында байқалады. Айталық, Қостанай облысында жыл басынан бері 69 адам зардап жегіп, оның тоғызы өлім құшқан.
Негізгі себеп қызметкердің еңбекті қорғау және еңбек тәртібі жөніндегі талаптарды өрескел бұзуы, жол-көлік оқиғасы және жұмыс берушінің жұмыс өндірісін дұмыс ұйымдастырмауы.
Бұл жайлы ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов Қостанай облысының кәсіпорындары және ұйымдарымен өндірістік жарақаттану мәселесі бойынша кеңесте айтты.
“Соңғы жылдары өндірісте жарақаттану дерегі артып отыр. Биыл елімізде 626 қызметкер зардап шекті. Яғни, 28% артық. Былтыр 518 қызметкер зардап шеккен болатын. 79-ы оқыс жағдайда қайтыс болды. Бұл тек соңғы бес айдағы көрсеткіш. Өйткені, жартыжылдықтың қорытындысын әлі шығарған жоқпыз. Өңірлер ішінде Қостанай облысы көш бастап тұр. Тоғыз адам қаза тапты. Өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардың өсуі Шығыс Қазақстан облысында, сондай-ақ Жамбыл облыстарында орын алды. Бұл ретті Қостанай облысында жарақаттану деңгей жоғары кәсіпорындардың бірі “Қостанай минералдары” АҚ. Бұл кәсіорында соңғы бес жылда 11 адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеу материалдарын талдау барысында өлімге әкелетін жазатайым оқиғалардың негізгі себептері анықтады. Ол қызметкерлерге еңбекті қорғау және еңбек тәртібі талаптарын өрескел бұзу, жол-көлік оқиғалары, жұмыс берушілерге жұмыс жүргізуді қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру. Мысалы, биыл, 10 қаңтарда, төртінші жолақта “Автоөнеркәсіп” ТО-40 техникасын құрастыру цехынан жүк көлігімен жұмыс істеген кезде жазатайым оқиға орын алды. Жағдай қайғылы аяқталды”, – деді Төлеген Оспанқұлов.
Зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия өнеркәсібі саласында – 17 пайыз. Одан кейін құрылыс саласында – 13% және коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында байқалады.
Ал Қостанай өңірінде тау-кен металлургия өнеркәсібі саласында 14 пайыз болса, машина жасау саласында тоғыз пайыз.
Комитет төрағасы «NurCom Building» ЖШС тиесілі құрылыс алаңындағы орын алған оқиғаны атап өтті. Құрылыс нысанында кран құлап, жүргізуші қаза тапқан еді.
“Жазатайым оқиғаның себебі кранды қауіпсіз пайдалану үшін басшылық пен жуапты тұлғалар тарапынан өндірістік бақылау жүргізілмеген. Сондай-ақ, бұл жағдайда еңбек инспекциясы еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша кешенді жұмысты тиісті дәрежеде атқармаған. Былтыр еңбек инспекторлары кәсіпорындарға 173 профилоктикалық бақылау жүргізді. Ал биыл бірінгі тоқсандағы дереке сүйенсек, тек 11 профилактикалық бақылау болды. Негізінде алғашқы жартыжылдықта 105 профилактикалық бақылау жоспарланған. Осы бір жарым жыл ішінде осы аймақтың барлық жұмыс берушілері мүлдем бақылаусыз болды. Егер тексеріс жүргізілген жағдайда, ол қызметкерлердің өтініші бойынша ғана атқарылған. Ал қызметкердің айтуынша ондай кездесулер тек әңгіме түрінде ғана орын алған. Осыған сүйеніп бақылау жұмыстары мүлдем жүргізілмеген деген шешімге келуге болады”, – деді комитет төрағасы.
Осылайша, Төлеген Оспанқұлов өткен жылмен салыстыра келе биыл өңірде зардап шеккендер мен қайғылы жағдай пайызының көп екенін айтты. Бұл дағыда жергілікті органдардың еңбекті қорғау саласындағы әлсіз жұмысы екенін айтып сынға алды.
“Осы жағдайды ескере отырып, сәуір айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жергілікті еңбек инспекциясы органдарымен кеңес өткізілді. Онда бұл мәселе қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасы өңір кәсіпорындарында өндірістік жарақаттануды азайту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Алайда, нәтижие көріп отырғанымыз жоқ. 1 маусымдағы жағдай бойынша зардап шеккендердің саны 28%-ға артты. Егер мемлекеттік бақылауға келетін болсақ, кездесулер мен іс-шаралардың қорытындысы бойынша біз еңбек инспекциясына тапсырма бердік”, – деді Төлеген Оспанқұлов.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғаларға 241 материал жолдаған.
Ол іс бойынша 37 қылмыстық іс қозғалған. Бүгінгі таңда республикада еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына жол берген 6 лауазымды тұлға сотталған.
“Қостанай облысында құқық қорғау органдарының мемлекеттік еңбек инспекторлары 34 жазатайым оқиға материалын жіберді. Оның ішінде тек 10 қылмыстық іс қозғалды. Алайда ешкім сотталған жоқ. Осы кеңеске прокуратуар мен ішікі істер органдарының өкілдерін қатысып отыр. Бұл мәселе бойынша тиісті шара қолданады деп ойлаймын. Жалпы, бүгінгі таңда мәселелерді ескере отырып, министрлік алдына зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын айтарлықтай қысқарту және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету міндетін қойып отыр”, – деді Төлеген Оспақұлов.
Өткен жылы кәсіпорындарға тексеріс барысында елімізде 1 692 000 қызметкердің 519 000 зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтіні анықталған. Оның ішінде Қостанай облысында 22 3 000 жұмысшы дәл осындай жағдай жұмыс істейді.
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыға заңнамаға сай тиісті өтемақы төленеді. Мәселен, былтыр 697 мың қызметкер 255 млрд теңге өтемақы алған. Бұл 2022 жылмен салысытырғанда 23 пайызға артық.
“Қостанай облысында 39 мың қызметкер 7,7 млрд теңге ақша алды. Егер осы қаржыныи жұмыс берушілер жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын жақсартуға бағыттайтын болса, өндірістік жарақат аз болуы мүмкін еді. Сондай-ақ, бұл шығындар жұмысшыларға беретін өтемақыны емес, қауіпсіз еңбек жағдайын жақсартуға жұмсалған болар еді. Қауіпсіз еңбек жағдайларын одан әрі қамтамасыз ету үшін Министрлік шаралар кешенін қабылдауда. 2019 жылдан бастап 7 алтын ережені көздейтін нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын ілгерілету бойынша жұмыс басталды. Бүгінгі таңда республика бойынша 580 кәсіпорын осы тұжырымдамаға қосылды. Сонымен қатар, Қазақстан облысы бойынша тек 58 ұйым қосылды. Республика кәсіпорындарында 18 мыңнан астам өндірістік кеңес құрылып, жұмыс істейді, онда 24 мыңнан астам техникалық еңбек инспекторлары бар. 2023 жылы олар 111 мыңнан астам тексеру жүргізді. Олар 2023 жылы 142 мыңнан астам бұзушылықты анықтады, оның ішінде 121 мыңы жойылды. Қостанай облысында 849 өндірістік кеңес жұмыс істейді”, – деді комитет төрағасы.
Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Ерлан Темірхан 114 тексеру жүргізіліп, 105 бұзушылық анықталғанын айтты.
Жалпы сомасы 12 млн теңге астам 97 айыппұл салынған. Тексеру барысында бұзушылықтың басым бөлігі жойылғанын да атап өтті.
“Жүргізілген талдау нәтижиесі көрсеткендей, жұмыс беруші мен жұмыскер арасында еңбек шарты бұзылған, уақытылы жалақы төленбеген сынды жағдайлар анықталды. Еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылған жұмыскерлердің болмауы, бірыңғай жүйеге еңбек шарттарының төрттен бірін жасасу туралы ақпарат енгізбеген. Өңірде үшжақты комиссияның екі отырысы өтті. Тәуекел деңгей жоғары кәсіорындар ұсынылып, еңбек тәуекелдеріне қатысты мәселе қаралып, түсініктеме берілді. Облыс аумағында 58 жазатайым оқиға болды, онда 69 адам зардап шекті, 24 адамның денсаулығына жеңіл зардап келді. Өкінішке қарай, 9 жағдай өліммен аяқталды. Өндірістік жарақаттардың ең көп саны 41 зардап шеккен облыс орталығында болса, Рудныйда 10, бес адам қарабалық ауданыда зардап шекті. Арнайы тергеу барысында мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушінің қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етпеуі, жеке қорғаныс құралдарын бермеуі және қауіпсіз еңбек бойынша оқытудағы кемшіліктерді арықтады”, – деді Ерлан Темірхан.
Үшжақсы комиссия жұмысы тұрақты өтіп тұрады. Облыстық және қалалық аудандарда 113 мәселе қаралған.
Екі мыңнан астам адам мен 100-ден астам кәсіпорынды қамтитын кеңес кестесі бекітілген.
“Ел Президенті Қ.Тоқаев айтқандай, “жауапкершілік жоқ жерде ешқашан әділеттілік болмайды”, яғни жұмыс берушілер өндірістегі оқыс оқиғалардың алдын алу үшін жазатайым оқиғалардан сабақ алуы керек. Облыста жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтауға кепілдік берілген 10 кәсіпорын сенім сертификатын алды. Өз кезегінде мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан еңбек ұжымдарында түсіндіру жұмыстары да жалғасуда. Қазіргі уақытта біз 1200-ден астам қызметкердің қатысуымен 40-тан астам кәсіпорынға бардық”, – деді Ерлан Темірхан.
Комиет төрағасы жазатайым оқиғаның әрбір арнайы тергеуі бойынша жазатайым оқиғалардың себептерін жою жөніндегі іс-шара әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, Өңірлерде өндірістік жарақаттанудың өсу себептері және қабылданған шаралар туралы растайтын құжаттарды бере отырып, талдамалық анықтама беру қажет деді. Өндірістік тәуекел деңгейі жоғары әрбір кәсіпорында еңбекті қорғау жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, Еңбек жағдайларын жақсарту бойынша экономикалық ынталандыруды күшейту қажет екенін атап өтті. Бұл ретте Қостанай облысының әкімдігі мен өңірдің жұмыс берушілері осы Тұжырымдама шеңберінде өндірістік жарақаттануды азайту және жұмыскерлердің еңбегін қорғау жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейтуі қажет екенін бас айтты.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков