“Тобыл”   жеңісті жұлып алды

“Тобыл” жеңісті жұлып алды

Футболдан  конференция лигасы ойындарының екінші іріктеу кезеңінде Қостанайдың “Тобылы” Швейцария елінің “Базель” командасымен кездесті.

Алғашқы ойынды қонақта өткізген қостанайлықтар кездесуді ширақ бастады. Десе де ойын деңгейінде алаң иелерінің басымдығы білінген. Ойынның шамамен жиырма бесінші минуттарында “Базельдің” жаңадан келген шабуылшысы Барри көзге түсті. Ортадан әріптесінен келген пасты баппен тоқтатып, асықпай қақпаға тебе салған. Кездесудің екінші бөлігінде “Базель” ойыншысы өз айып алаңында Ислам Чеснаковты шалып жықты. Төреші он бір метрлік айып добын белгіледі. Бұл пенальтиді Рамазан Оразов сәтсіз орындады. Артынша сондай қарсыластардың айып алаңындағы қақтығыста әуеден келген допты Рамазан баспен тоғытпақ болды. Сол допты тура алаң иелерінің осының алдында ғана көзге түскен шабуылшысы қолымен қағып қақпадан шығарып жіберді. Осының алдында ғана көзге түскен шабуылшыны төреші қолмен қасақана ойнаған әрекеті үшін алаңнан қуды. Осы жерде он бір метрлік айып добы қайта белгіленді. Дебле мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. “Тобылдың” екінші добын Рамазан Оразов алыстан соқты. Ойынның орта тұсынан аса бергенде “Базельдің” тағы бір ойыншысы екінші рет тәртіп бұзып, алаңнан кетті. Шабуылшы Сердж Дебленің әдемі пасының арқасында Ислам Чесноков гол санын үшке жеткізді. Осылайша  конференция лигасы ойындарының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойын қостанайлықтардың жеңісімен аяқталды. Екі команданың қарымта кездесуі Қостанайда өтетін болады.

Жаңалықтармен бөлісу