Еуропа лигасының аясындағы словакиялық “Ружомберок” командасымен болған жауапты ойында “Тобыл” жеңіске жеткенімен, келесі кезеңге шыға алмады.
Кездесудің алдында “Тобылдың” қорғаушысы Иван Милидинович алғашқы сәтсіз ойыннан есе қайтаратын кез келгенін айтқан:
“Өздеріңіз білесіздер, қонақтағы кездесу жақсы басталғанымен, аяғы сәтсіз болды. Бұл қателіктерді дайындық барысында сараптап, қорытынды шығаруға тырысамыз”, – деген еді еді Иван Миладинович.
Ойын барысында сары-жасылдар ол олқылықты жоя білгенін байқатты. Қақапашы Стас Покатилов әуелдегідей бір сызықтың бойында қатып қалған жоқ. Бұрыштамадан серпілген қарсыластардың бір добын қолының ұшымен қағып жіберді. Қонақтар одан кейінгі бұрыштамаларды командаластарына көтеріп берген жоқ.
Дей тұрғанмен, “Тобылдың” шабуылдағы ойыншылары да тынбай, комбинациялық жүйелерге иек артқанын айта кетуіміз керек. нәтижесінде кездесудің басында-ақ Игорь Ивановичтің берген пасын Ахмет Әль-Мессауди сәтті пайдаланды. Араға шамамен он бес минут салып, әлгінде уәде берген қорғаушы Иван Миладинович әуеден келген допты қақпаға дәл бағыттаған. Алайда бұл голды төрешілер есепке алған жоқ.
Кездесудің екінші бөлігінде екі команда да қауіпті сәттер болды. Тіпті словакиялық команданың жартылай қорғаушысы бірде-бір шыққан “Тобылдың” қақпашысынан допты асырып жіберіп, жеке-дара гол соққан болатын. Оның ойыннан тыс қалғанын кейін анықтаған төрешілер ол допты да есепке алмады. Ойын соңына дейін осы есеп сақталды. Қостанайлықтар бұл ойында жеңіске жеткенімен, алдыңғы ойындағы үш ұпай айырмашылық командағы Еуропа лигасын осы жерден тоқтатуға мәжбүр етті.
Енді қостанайлық ұжым Еуропадағы жорығын Конференция лигасы аясында Щвецарияның “Санкт-Галлен” командасымен бастайды. Щвецариялық ұжым өткен маусымда ел чемпионатын бесінші орынмен аяқтап, Конференция лигасының екінші кезеңіне жолдама алған. Демек, қазіргі ұжымды кезіндегі ресейлік клубтарға жол беріп жүрген “Санкт-Галленмен” салыстыруға мүлде келмейді. Ел чемпионатының екінші кезеңінде осы команда отандасы “Базелді” қапы қалдырған.