Тобыл жағалауы тазарды

Тобыл жағалауы тазарды

Қостанайда дәстүрлі плоггинг өтті. Бұл экологиялық акцияны Run in Joy жүгіру қауымдастығы ұйымдастырды. Қауымдастықтың жетекшілері — Дмитрий Каптёл және Анна Блюм.

Плоггинг — жүгіру мен қоқыс жинауды біріктіретін заманауи экологиялық шара.

Іс-шара Тобыл өзені жағалауында, «Ақ Шаңырақ» мейрамханасынан Гагарин бөгетіне дейінгі аралықта өтті. Оның басты мақсаты — экологиялық мәдениетті дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Қатысушылар қолғап пен қап алып, жағалау бойымен жүгіріп өтіп, тұрмыстық қалдықтар мен табиғатта жиналған қоқысты тазалады. Қостанай қаласының ТКШ бөлімі экоактивистерге екі трактор мен қоқыс қаптарын беріп көмектесті. Сонымен қатар, кейбір қатысушылар сапбордтарды пайдаланып, өзен ішіндегі қоқысты да жинады.

Плоггинг өтетін орын кездейсоқ таңдалмаған. Әуесқой спортшылар өздерінің тұрақты жаттығу және жарыс жолдарының бір бөлігін тазалады. Бұл жерде «Самопревосхождение» трейл-марафоны өтеді, ол Ыбырай Алтынсарин кесенесі маңынан басталады.

Бірнеше сағаттың ішінде экоактивистер 100-ден астам қап қоқыс жинады.

Қостанайда плоггинг 2019 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл жолы акцияға студенттер, «морждар» қауымдастығының мүшелері, жүгіру клубтары және белсенді қала тұрғындары қатысты — барлығы 40-тан астам адам.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Қатты жаңбырға қарамастан, қатысушылар шарадан бас тартпады. Тек салқын ауа райына байланысты кейбір студенттерді ата-аналары жібермеген.

«Біз әрқашан салауатты өмір салтын ұстанамыз. Бұл тек денсаулыққа емес, өмір сүріп жатқан ортамызға да қамқорлық. Табиғатқа шыққанда алдымен сол жерді тазалап аламыз, және бұл әдетті өзгелерге де үйретеміз», — дейді «Морждар Қостанай» клубының тең құрылтайшысы Наталья Коба.

Анна Блюмның айтуынша, Қазақстанда плоггинг алғаш рет Қостанайда басталған. Болашақта бұл қозғалысты кеңейтіп, қатысушылар санын ондаған емес, жүздеген адамға жеткізу жоспарланып отыр.

Василий ВАСИЛЬЕВ