“Тобыл” түзде ұпай жоғалтты

“Тобыл” түзде ұпай жоғалтты

Қостанайдың “Тобыл” футбол командасы Қазақстан чемпионатының сегізінші турында Шымкенттің “Ордабасы” командасымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл – “Тобылдың” биылғы маусымдағы алғашқы жеңілісі. Осылайша қостанайлық клуб сегіз турдың қорытындысы бойынша турнирлік кестеде бірінші орыннан алтыншы сатыға бір-ақ сырғыды.

Ойынның есебі  бірінші таймда ашылды. Шымкенттік команда сапындағы украиналық шабуылшы Артем Беседин қақпашы Стас Покатиловтың қателігін сәтті пайдаланып кетті. Алаң иелерінің есепті еселейтін тағы бір мүмкіндігі болған. Негізгі уақытқа қосылған төрт минуттың ішінде “Тобылдың” қорғаушысы Иван Миладинович айып алаңында тәртіп бұзып қызыл қағаз алды. Төреші пенальти белгіледі. Бірақ “Ордабасы” ойыншысы Максим Федин қисық тепті.

Турнирлік кестеде әзірге бірінші орында 14 ұпаймен “Ақтөбе” келеді. Ал “Тобылда” 12 ұпай бар.

Жаңалықтармен бөлісу