Тобыл қаласының тұрғындарына ескерту жарияланды

Тобыл қаласының тұрғындарына ескерту жарияланды

Ватсап желісінде Қостанай ауданы Тобыл қаласының тұрғыны Ленин көшесіндегі кейбір үйлерге су басу қаупі туындағаны туралы бейнежазба таратты. Онда үй иелері өз беттерінше су кешіп, аулаларының іргесін қапшықпен бітеп жатқаны бейнеленген.

Орталық көшеге су жиналғанын естігендер эвакуациялау шарасына дайындалу қажеттігін ескертіп, әкімдікке хат жолдады. Қостанай ауданы әкімінің баспасөз қызметі бұл бейне көріністі растады. Алайда аса үрей тудырып, алаңдауға негіз жоқ.

“Бейнежазбада көрсетілген үйлер ойда орналасқан. Сол себепті еріген қар суы ол жерге жиналып тұрғаны байқалады”, – дейді әкімдік өкілдері.

Қалған ел көп шоғырланатын аумақтарды мобильді дайындық жедел штабы жіті бақылап, еріктілерден құралған топ ол аумақтарға өткізбей жолын бөгеп тұр.

“Осы үйлерден бастап, 40 лет Октября көшесіне дейінгі үйлердің тұрғындарына әкімдіктің эвакуациялау шарасына мұқият назар аударуды сұраймыз. Бұл жағдай осы жерге жақын орналасқан Заречный елді мекенінің кейбір мекенжайларына да қатысты. Ол жайлы үй иелеріне ескертілген”, – дейді аудан әкімінің баспасөз қызметінен.

Жаңалықтармен бөлісу