Тобыл қаласындағы пәтерлердің бірінде өрт шықты

Тобыл қаласындағы пәтерлердің бірінде өрт шықты

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, әуелгіде 20 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жау бірінші қабаттан басталып, жоғарғы жақты шарпыған. Өрт сөндірушілердің күшімен екінші қабаттың балконы арқылы 6 адам құтқарылды, оның екеуі 6 және 11 жастағы балалар.

Жанып жатқан пәтерден ауруханаға 2 А дәрежелі термиялық күйіктері бар (ауданы 50%) ер адам табылды, оның қазір жағдайы ауыр.

Сондай-ақ көміртегі тотығымен уланған әйел орташа жағдайда ауруханаға жатқызылды.

Өрт кеше кешкісін 20: 57-де өрт сөндірілді. Өрттің болжамды себебі мен мүліктік залалдары белгіленеді.

Жаңалықтармен бөлісу