“Тобыл” келесі кезеңде

“Тобыл” келесі кезеңде

Футболдан конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Қостанайдың “Тобылы” Швейцарияның “Базель” командасына қарсы жауапты кездесуін өткізді.

Бірінші таймның бас кезінде қос қарсылас тең дәрежеде ойын көрсетті. Алма-кезек допқа иелік етумен болды. Дегенмен, қонақтар өз деңгейін алғашқы бөліктің орта тұсында көрсете білді. Ортадан ұйымдастырылған жақсы шабуылдың нәтижесінде Антон Каде жиырма алтыншы минутта есеп ашты. Араға бес минут салып, алаң иелері өз айып алаңында тәртіп бұзып, он бір метрлік айып добы белгіленді. Жан-Кевин Огустин нүктеден қателескен жоқ. Тағы он минут өткенде ойын қонақтардың өз айып алаңында тәртіп бұзуымен жалғасты. Сердж Дебле он бір метрлік айып добын сәтті орындады. Осылайша, ойын тағдыры бірінші таймда шешілді.

Жалпы есеп қортындысы 4:3. Қостанайлық команда конференция лигасының үшінші кезеңіне шықты. “Тобылдың” келесі кезеңін солтүстік ирландиялық “Дерри Сити” командасымен өткізеді.

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу