Эссьен Эдедем «Тобыл» ойыншысы атанды. Нигериялық жартылай қорғаушы «Пари Нижний Новгород» футбол клубынан ауысып келді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Эссьен Нигерияның оңтүстігінде орналасқан Аква Ибом штатында дүниеге келген. 2019-2022 маусымдарында Арменияның «Ван» клубында ойнады, содан кейін Ливияның «Әл-Наср» және «Әл-Ахдар» клубтарында доп тепті. 2023 жылдың жазында ресейлік «Пари Нижний Новгород» командасына ауысты.
Эссьен Эдедем – өте мығым және төзімді тіреуші жартылай қорғаушы. Оның ойын ерекшеліктері: позиция таңдау, қарсылас шабуылын тежеу және өз командасының шабуылдарын бастау. Сонымен қатар, ол допқа талас-тартыстарда әрдайым озық шығады.