Қостанайдың «Тобылы» Чехияның «Виктория» Пльзеньге қарсы Конфренция Лигасының плей-офф кезеңіндегі жауапты кездесуін өткізді. Ойын алма-кезек шабуылдармен өрбіді. Бірінші таймда қонақтар алаң иелеріне қарағанда допқа көбірек иелік етті. Бірақ бұл нәтиже әкелген жоқ. Керісінше, алаң иелері сауатты қорғана жүріп, қарсы шабуылдарда айып добын алып отыруға көшті. Сондай бұрыштамалардың бірінде алғашқы кездесуде көзге түскен Томас Хоры ойынның 32 минутында есеп ашты. Араға 25 минуттай уақыт салып, Рафиу Дуросними есепті еселеді. Қосымша уақытта алаңға екінші таймда қосылған Ибраим Траоре басымдықты 3:0-ге жеткізді. Осылайша, биыл қостанайлықтар үшінші кезеңнен кейін қарсыластарына жол берді.