31 Қаңтар, 2025
ТКШ мамандары жауап берді. Құм-тұз қоспасы жұмысты жеңілдетуге тиімді

ТКШ мамандары жауап берді. Құм-тұз қоспасы жұмысты жеңілдетуге тиімді

Қостанайда соңғы уақытта қала тұрғындарының құм-тұз қоспасының салдарына қатысты шағымы жиіледі. Жағдайдың негізгі себептeрінің бірі мердігер ұйымдардың аумақтарды уақытылы жинамауы. Екінші жағынан жүргізушілердің көліктерді жол бойын тастап кетуі мамандарға қиындық туғызып жатыр. Тұрғындар мен мердігерлердің бұл  шағымына қалалық әкімдікте өткен жиында ТКШ бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарып келе жатқан Қуанышбай Аманқұлов жауап берді.

Қала көшелері мен жалпы пайдалану орындарын күтіп ұстау жұмыстарына бес мердігер ұйым жауапты. Осы бес ұйым қызмет көрсететін аумақтың жалпы ауданы 4 млн 397 мың текше метрді құрайды. Қала бойынша қыс мезгіліне 387 мехника жұмылдырылған.

«Құм-тұз қоспасы 80-90% құмнан және 10-20% техникалық тұздан тұрады. Өңдеудің пайдасына тоқталар болсақ, мұзды ерітіп, қыс мезгілінде жол жабынының жағдайын жақсартады. Қала аумағында жүріс бөлігі мен тротуарларды өңдеу кезінде бір айдың ішінде шамамен 100 тонна көктайғаққа қарсы материал жұмсалады. Қаржылай есептесек 850 000 теңге. Құм-тұз қоспасын қолдану үнемді әрі тиімді. Осы әдісті алдағы уақытда да қолдана береміз», – деді ТКШ бөлімінің өкілі.

Маманның айтуынша, мердігер ұйымдар көше жолдарын  құм-тұз қоспасымен  полицияның нұсқамасымен өңдейді.  «Іkomek»  ахуалдық орталығына түскен өтінішке қарай жүзеге асады.  Осы уақытқа дейін қала аумағынан 178 мың текше метр қар шығарылған. Өткен жылы дәл осы уақыт аралығында шамамен 465 мың текше метр қар шығарылған болатын.

Сералы МЫРЗАБАЙ

 

Жаңалықтармен бөлісу