Тимур Турлов: «Қостанай — қарқынды дамып келе жатқан өңір»

Тимур Турлов: «Қостанай — қарқынды дамып келе жатқан өңір»

Қостанайда өткен инвестфорумда сырт өңірлерден келген құрметті қонақтар өңірдің өнеркәсіп саласындағы жетістіктерін жоғары бағалады.

Баяндама жасаған тұлғалар ішінде «Freedom Holding Group» басшысы Тимур Турлов Тобыл-Торғай өңірінің экономикалық даму деңгейіне толымды пікір айтты.

«Қостанай бүгінде қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Мұнда автомобиль жасау, машина жасау және экономиканың басқа да салалары бойынша әлемдегі ең заманауи өндіріс орындарының негізі қаланды. Біз де өз тарапымыздан қаржы инфрақұрылымын, электронды коммерция мен сапалы өмір салтына арналған сервистер экожүйесін дамытуға белсенді инвестиция салып жатырмыз. Алдағы бірнеше жылда қазір қаланып жатқан берік негіз өңірдің экономикалық өсіміне тың серпін беретініне сенімдімін. Соның нәтижесінде сапалы қызметтер мен өнімдердің қолжетімділігі артып, өңірдің әл-ауқаты жақсара түседі», — деді Тимур Турлов бізге берген сұхбатында.

blankОның айтуынша, қазір қалыптасқан жағдай, кәсіби инвесторлардың көбеюі және өңірдің жинақтаған іскерлік беделі Қостанайды инвестиция үшін одан әрі тартымды етеді.blank

«Біз үшін де бұл өңірдің маңызы зор. Сондықтан мұнда қызметімізді кеңейтіп, Freedom командасын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ серіктестерімізбен бірге ұшқышсыз логистиканы, электронды коммерцияны және осы бағыттарды дамытуға қажетті өндірістік жобаларды іске асыруға ниеттіміз», — деді Тимур Турлов.

Суреттерді түсірген — Бердіболат Көркембаев