ТІЛЕКТЕР ШЫРШАСЫ

ТІЛЕКТЕР ШЫРШАСЫ

Қостанай облысының балалары үшін жаңа жылдық таңғажайыптар жалғасып жатыр.Жаңа жыл қарсаңында Мемлекет басшысына хат жазған төрт бүлдіршін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан сыйлықтарын қолдарына алды.

blank blank blank blank blank blank blank

«Тілектер шыршасы» акциясы балаларды шат-шадыман әсерге бөлеп қана қоймай, армандарына қанат бітіреді.

blank

blank

 

Рудный қаласының әкімі Виктор Николаевич Ионенко және Қостанай ауданының әкімі Берік Қуанышұлы Таңжарықов Мемлекет басшысының атынан барша балаларды құттықтап, олардың отбасыларымен кездесті.

Балалар өздерінің арман-мақсаттарын жеткізіп, болашақта кім болғысы келетіні туралы айтты.

blank

Балаларға өздері армандаған сыйлықтар, Президент атынан мерекелік хаттар және тәтті сыйлықтар тарту етілді.

blank

Балаларды алда таңғажайып күндерге толы Жаңа жылдық демалыстар күтеді.