Теңіз тамшыдан басталады

Теңіз тамшыдан басталады

Құсмұрындағы Хақ мешітін ауылымыздың ең мақтаулысы десе де болады. Биылдың өзінде көптеген істерді тыңдырып жатыр. Мұның бәрі ғибадатхананың негізгі демеушілері мен халықтың дінге деген сенімділігінің арқасы. Әсіресе, мешіт асханасында едәуір жұмыстар тыңдырылды. Жамағаттың демеушілігімен мешіттің төбесіне ағаш ұнтақтары төселіп, гүл отырғызылды. Асханаға жаңадан ыдыс аяқтар алынып, линолеум төселді, перина, тақтайларға жаңа жол төселді. Жылу жүйесі толықтай жөнделіп, пеш орнатылды, автотұрақтар тұратын жер тазаланды. Осылайша, халықтың игілігі үшін ауызбіршіліктің арқасында бір талай дүние-мүліктер жаңаланды. Мешіттің өзінде мәйітханаға кондиционер, отбойник (245 мың) алынды. Бір қуантарлығы, ай сайын 10 отбасыға (көп балалы, жағдайы төмен т.б) азық түлік, кейде ақшалай да қайырымдылық іс-шарасы өтіп тұрады, бұл да сауапты істердің бірегейі.

Өскелен ұрпаққа діни сауаттылықты білуі шарт. Соның бірі, қазан айының басында өткен Мәуліт мерекесі де Алланың қалауымен жоғары денгейде ұйымдастырылды. Обаған ауылынан Мұхтарбай аға, Теміржан Ақдәулетов аталарымыз осы айтулы мерекеге қой беріп, көмек қолын созды. Арасында салауат айтылып, сайыстар болды. Жүлделі орындарға және басқа да қатысушыларға сыйлықтар берілді. Әулиекөл ауданы Әмит Ишан мешітінің бас имамы Нұрбол қажы және Аманқарағай ауылының бас имамы Серікбай қажылар Мәуліт оқып, уағыз айтты. Осы сайысқа демеушілік жасаған Құсмұрындағы мекеме басшылары – Жәнібек, Бикен, Жандос ағалар мен «Алмакс» ЖШС зауыт жұмысшылырының басшысы Жақып аға, «Алмакс» зауытының атынан Боранбай Ахметұлы Нұрғожанов мешітке үнемі көмек қолын созып келеді.

Мешітті тік тұрғызуға Серікболат Балтабеков, Тасқын Өмірзақов, Қайрат Тұрашов, Серік Нарымбетов және оның ұлы Нұрлан атты намазхандар, сондай-ақ Аслан, Манат, Бақтияр, Ерболат, Азамат, Жылқыбай, Жайлаубай Ермағанбетов, Әуезхан, Қанат т.б. азаматтар көмектерін аяған жоқ. Сонымен қатар, мешіт төрағасы Шора қажы Әбиев, Көшербай Төлегенов, Әкімбек ата, Нұрмұхамбет аға, Теміржан ата, Оразхан Ахметов аталарымыз жастарға бағыт-бағдар беріп, жұма намазына үздіксіз келулері де айтарлықтай өнеге.

Әулиекөл ауданы мешітімен үнемі байланыста болып, осындай діни іс-шаралар жүргізілуде. Қазір цифрландыру жүйесі қарыштап дамыған дәуір ғой. Осы орайда, «Алмакс» ЖШС зауыты басшылығының мешітке ноутбук, принтер алып бергені де қуанарлық іс.

– Алдағы уақытта Хақ мешітінің жұмысы халықпен етене араласып, алға қарай дінімізді көркейтіп, мешіттегі шәкірттерге “Мұғалім сәни” әліппесін үйретеміз. Шәкірттерді оқытатын үлкен арнайы ғимарат салсақ деген ниеттеміз, өйткені бұл өңір үлкен ишандар мекені. Осы мекеннен үлкен Құран қарилар шығады деген үміттеміз, – дейді Хақ мешітінің имамы Омар қажы Закарин.

Алма Қабжанқызы

Құсмұрын ауылы

Әулиекөл ауданы

Жаңалықтармен бөлісу