Техникалық байқау станциясының иесі адам өмірі қиылған жол-көлік оқиғасынан кейін жауапқа тартылды

Техникалық байқау станциясының иесі адам өмірі қиылған жол-көлік оқиғасынан кейін жауапқа тартылды

Тамыз айында Қостанай облысында Mercedes-Benz маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шегуші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, ол бұл апатты болдырмау үшін шұғыл көлікті тоқтауға тырысқанын айтқан, бірақ бейнеттен құтылу мүмкін болмаған.

Оқиға болған жерді тексерген полиция қызметкерлері тежегіштің іздерін таппады. Бұл автокөліктің тежеу жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне күдік туғызды.

Тергеу барысында автокөліктің дөңгелектерінің бірінде тежегіш дискісі болмағаны анықталды.

Бұл тежеу тиімділігін айтарлықтай төмендеткен.

Апат болардан бес күн бұрын бұл көлік міндетті техникалық тексеруден өткені полиция қызметкерлерінің назарына ілікті. Онда тежегіш жүйесінің анық ақауына қарамастан, көлік жарамды деп танылған.

Адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот жүргізушіні кінәлі деп тауып, оған екі жылға бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ жүргізуші куәлігінен бес жылға айыруды тағайындады.

Сонымен қатар, полицияның ұсынысы бойынша автокөлікті техникалық тексеруден өткізген жеке кәсіпкер жауапқа тартылды.

Жыл басынан бері полицейлер түрлі мемлекеттік органдарға қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде 1000-нан астам ұсыныс жолдады.

Жаңалықтармен бөлісу