29 мая, 2025
«Таза Қазақстан» қозғалысы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді

«Таза Қазақстан» қозғалысы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы форум – қоғам, бизнес және мемлекеттің күш-жігерін табиғатты қорғау жолында біріктіруге бағытталған маңызды оқиға болды.

Әсіресе, Мемлекет басшысының мұндай бастамаларға тікелей қатысып, үлгі көрсетіп отырғаны қуантады.

Көгалдандыру, су айдындарын тазарту және рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою бойынша қолға алынған шаралар – бір реттік іс-шаралар емес, жүйелі өзгерістерге жасалған қадамдар.

Ел аумағында 4,5 миллионға жуық көшет отырғызылуы – орман қорын қалпына келтіру мен көбейтуге деген үміт ұялататын үлкен жетістік.

Мұндай игі бастамалар тек тәжірибелік жағынан ғана емес, тәрбиелік мәні жағынан да аса маңызды.

Ол азаматтардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. «Таза Қазақстан» қозғалысы бұқаралық сипатқа ие болып, әрбіріміз туған жеріміздің таза әрі жасыл болашағын қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз деп сенемін.

Айсұлу Құлмырзинова,
«DamU.kst» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы