Тасқыннан зардап шеккен тұрғындар арасында жаппай түсіндіру жұмыстары басталады

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындар арасында жаппай түсіндіру жұмыстары басталады

Ақпараттық жұмыс жүргізу үшін облыс мәслихатының депутаттары мен қоғам белсенділерінен құралған қоғамдық штабтың құрамы бекітілді. Штаб өкілдері бүгін облыстың оңтүстік өңірлеріне жолға шықты.
Олардың басты мақсаты – табиғи апаттан жапа шеккен аймақтарды қалпына келтіруге бағытталған шаралардан тұрғындарды хабардар ету.

Мәслихат төрағасы Сайлаубек Ещанов Арқалық қаласына, депутат Нұрбол Байзиров Аманкелді ауданына, ал Сейітбек Қуанышпаев Жанкелдин ауданына баратын өңірлік штабты басқаратын болды.

Олар мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау туралы жан-жақты ақпарат таратпақ. Оңтүстік өңірлердегі халықтың жағдайымен жіті танысып, толғандырған сұрақтарына жауап береді. Әр отбасыға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетіні егжей-тегжейлі түсіндіріледі. Осы жұмыстардың барлығы облыс басшысының толық бақылауында болады.

Жаңалықтармен бөлісу