Бүгінде Тобыл өзенінің деңгейі көтеріліп келеді. Жағалау жіті қадағалауға алынып, алдын алу шаралары барынша күшейтілді.
Мамандар мұндай құбылыстың көптен болмағанын айтып отыр.
Облыстың оңтүстік өңірлерінен бастап, батыс аумақтарға келіп жеткен тасқынның қарқыны қатты.
Бұған дейін облыс әкім аппаратында осы тақырып ашық талқыланды. Облыс басшысы Құмар Ақсақалов Қаратомар су қоймасының ернеуі тола бастағанын ескерткен. Мемлекет басшысы тасқын судан зардап шеккендерді көмексіз қалдырмауды күнбе-күн тапсырып жатыр.
Бүгін таңертең еріктілер тобы қаланың шет аумақтарына қауіп келіп тұрған Тобыл жағажайына көмеккке аттанды. Тобольская көшесінің жағалаудан басталатын үйлерінің ауласына қапшықты қаз қатар үйіп жатыр. Мамандардың тұжырымдауынша, ағыстың бет алысы орталық көпірден кіші көпірге қарай өтуі мүмкін.
«Былтыр өрт оқиғасы орын алғанда Президент бірден ұшып келіп, көмегін берді. Осындай шаралардан апат болған оңтүстік өңірлерде әлі де қолға алынып жатыр. Бұл жағдай бір жерде ғана болып жатқан жоқ. Қазақстанның көп жері көмекті қажет еіп отыр. Ерікілер мұқтаж жандарға көмекке келіп жатыр. Жан-жаққа Материалдық көмек, азық -түлік жіберіліп жатыр. Енді билік осындай апатты болдырмаудың жолдарын ойластыратын үлкен шешім қабылдады. Келесі толқыннан қорғануға жүз пайыз кепілдік беріп отыр. Қазір Қаратомар жақтағы дамбыны мықтап бекітудің қамына кірісті. Мамандармен кеңесіп, су тасқынымен күресуге жұмыла бергеніміз жөн. Бұған дейін оңтүстік өңірлердің тұрғындарымен кездестік. Алдын алу алу шаралары жан-жаққа тағы ескертілді», – дейді бұл туралы облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Серік Бектұрғанов.
Жағажайдағы тұрақтардың қауіпсіздігін сақтауға ниет білдіргендердің қатарында студент жастар көптеп жұмылдырылған.
«Біз әрдайым қажет болған жағдайда көмектесуге әзірміз. Қаламыздың қаіупсіз әрі көрікті болуы жастардың көмегінмен іске асып жатқаны қуантады. Жыл сайын аулаларды көгалдандыруға, сенбілік жұмыстарға қол ұшын беріп келеміз», – дейді М.Дулатов атындағы Қостанай кәсіптік колледжінің студенті Нұралы Ожанұлы.
Айбек ҒАЛЫМҰЛЫ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев