Тарихтан сыр шертеді

Тарихтан сыр шертеді

Дорожный филиалы кітапханасында Қостанай қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектептің оқушылары арасында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Адамдар және тағдырлар» естелік сабағы өтті.

«Ұмытуға болмайды…» атты бейнеролик көрсетілді, онда Қазақстан аумағында ГУЛАГ лагерьлері – АЛЖИР, СТЕПЛАГ, КАРЛАГ. Мұнда барлық кеңестік республикалардан бес миллионнан астам адам жер аударылды. Республиканың өзінде 1921-1954 жылдар аралығында 100 мың адам сотталып, оның 25 мыңы ату жазасына кесілген.

Кітапханашылар оқушыларды Алашордалықтар туралы кітаптармен таныстыр- ды. Олар 1928 жылы ұлтшылдық және тыңшылықпен айналысты деп айыпталған Алаш Орда көсемдері – Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейханов және басқалардың жаппай тұтқындалуы туралы кеңінен тоқталды. Бірақ 1988 жылы Алаш арыстары ақталды.

Мұнан кейін оқушылар арасында «Сіз Алаш орда көсемдерін білесіз бе? Атты викторина өткізілді.

Іс-шара соңында балалар Құрманғазының «Адай» күйінің әуеніне қуғын-сүргін құрбандарына арнап өлеңдер оқыды.

Оқушылар тағылымды іс-шарадан ой түйіп қайтты.

Ақмарал Қоржымбаева,

кітапханашы.

Жаңалықтармен бөлісу