«Тақиялы періште» фильмі ағылшын тіліне аударылды

«Тақиялы періште» фильмі ағылшын тіліне аударылды

Қазақ киносындағы жарық жұлдыздың бірі Тайлақ ағылшынша сөйлей бастады, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында АҚШ елшілігінің қызметкерлері классикалық қазақ көркем фильмдерімен танысып, оларды ағылшын тіліне аударып көргісі келді. Сүйікті фильмдеріңіздің ағылшын тіліндегі толық нұсқасын көргіңіз келе ме?», – деді елшіліктен.

Ағылшынша аудармада Тайлақты – Lucas, Биші қызды – Lola, Сырлыбай бидің сөзін – Colin

Ермек Серкебаевты – Johnibek, Оралды Chris дыбыстаған.

Еске салайық, режиссер Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» фильмі 1968 жылы жарыққа шықты.

Кинода еңсегей бойлы, алпамса денелі, дархан мінезді, кең пейілді Тайлақ сүйікті тақиясын басынан тастамай жүреді. Анасы (Тана – Әмина Өмірзақова) баласын баласын еркелетіп, «Тақиялы періштем» деп атайды.

Сюжет барысында анасы баласын үйлендіру үшін қыз іздеп Алматыға келеді. Тайлақ көрікті Айшамен танысады. Анасы ұлының таңдауын бірден қабыл алмайды. Себебі Айшаның әкесі – кезінде Танамен сөз байласып, кейін сөзінен тайған Тайыр. Тайлаққа сыра сатушы Алтыншаш та тұрмысқа шыққысы келеді. Сатушыдан қашқақтаған Тайлақ Айшаға үйлену туралы ұсыныс жасайды. Нияз болса, Танаға сөз салады. Осындай көңілді оқиға қос тоймен аяқталады.

 

Жаңалықтармен бөлісу