6697 әскери бөлімінде Тәуелсіздік күніне орай бөлім А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қалқаман Жақып ақпараттандыру сағатын өткізді. Бөлімнің жеке құрамы ақпараттандыруға белсене қатысып, Ассамблеяның дайындаған сый-сыяпаттарына ие болды.
Бейнебаян көрсетіліп, кітап көрмесі ұсынылды. Соңында қонақтарымызға іс-шараға атсалысып, үлес қосқандары үшін бөлім командирі атынан алғыс хаттар мен Ұлттық ұланның журналы мен газеті табысталды.