Тәуелділіктен қашан құтыламыз?

Тәуелділіктен қашан құтыламыз?

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің  Жолдауында еліміздің агроөнеркәсіп кешеніне нақты серпіліс қажет екенін атап өтті. Міндет – үш жыл ішінде АӨК-дегі өңделген өнімнің үлесін 70% -ке  дейін ұлғайту. Бұл тұрғыда Қостанай өңіріне әлеуетті инвесторларды тартып, шикізатты дайын өнімге айналдыруға қуақарлы кәсіпорындар ашу жүктелген.

Соңғы жылдары облыста мал өсіріп, оның өнімдерін үлгіртіп отырған кәсіпорындар қатары көбейді. Бүгінгі таңда өңірде осындай екі жүз шақты өндіріс ошағы табысты жұмыс істеп жатыр. Мәселен, он екі ферма сүт өндіреді, 27 ферма ет өндіреді, отыз жеті кәсіпорын ұн тартады. Мұның сыртында жүз он наубайхана, өсімдік майын шығаратын жеті цех төрт макарон және жарма өңдейтін екі цех бар.

Облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ибрагим Бекмұхамбетовтің айтуынша, тоғыз бірдей  тауар позициясы бойынша өзімізде өндірілетін ұн, нан, макарон, сиыр еті, сүт, жұмыртқа, құс еті, күнбағыс майы, картоп  тәрізді ішкі нарықты қамтамасыз етіп отырған өнімдердің үлесі 100%-ке тең. Қарақұмық, пияз, сәбіз, қырыққабат, сары май, сүзбе, айран  сияқты азық-түрлері жарым-жартылай қамтылған.  Бізде тек қант, күріш және тұз өндірілмейді.

“2023 жылы облыста 422 млрд.теңгенің  азық – түлік өнімдері шығарылды. Бұл өткен жылдың есепті  кезеңімен  салыстырғанда 5,4% – ке артық.  Яғни, өнім түрлерін 22 млн. теңгеге көбейген. Облыс республикада ұн өндіру бойынша бірінші орында, қоюландырылған сүт, йогурт, сары май өндіру өндіруде  екінші орында, макарон және жарма өндірісінде  үшінші орында  тұр.  Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста сүт өңдеу үлесі 50%, ет – 71%, астық – 46%, майлы дақылдар – 26% -ке жетті. Есепті кезеңде облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері сыртқа 715 млн. доллар өнім экспорттады. Бұл әрине, бұрнағы жылмен салыстырғанда 11% – ке аз”,– дейді басқарма басшысы.

Бұл туралы толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Жаңалықтармен бөлісу