Тәртіпсіздік көп, тосқауыл жоқ…

Тәртіпсіздік көп, тосқауыл жоқ…

Әдеп жөніндегі Кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес тексеріс нәтижесінде демалыс беру, іссапар шығындарын төлеу және мүлікті сенімгерлік басқаруға беру  бөлігінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтау бойынша іссапар шығындарын дұрыс есептемеген органдар анықталды. Бұл туралы журналистермен болған өңірлік комуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде айтылды.

– Демалыс беруді талдау аясында белгіленген мерзімдерді бұза отырып, төлем жасаудың 35 фактісі анықталды. Іссапар шығыстарын төлеуді талдау қорытындысы бойынша 6 Жергілікті атқарушы органда         1 млн 450 мың теңгеден астам сомаға іссапар шығыстарын уақтылы төлемеудің 29 фактісі анықталды, – деп атап өтті “Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті” РММ басшысы Ерлан Салықбаев.

Мәселелерді қарау қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі Кеңестің тиісті ұсынымдары облыстың барлық мемлекеттік органдарына жеткізілді.

Жаңалықтармен бөлісу