Ұзынкөл ауданында полиция қызметкерін өлтірді деген күдікке ілінген азамат ұсталды. Бұл туралы Қостанай облысы ПД хабарлады.
Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша қамау мекемесінде отыр.
“Барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша тиісті процестік шешім қабылданады”, – делінеді хабарламада.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмей отыр.
Естеріңізге сала кетейік, аса ауыр қылмыс 10 мамыр күні тіркелген еді. Күдіктінің полицейді ауласында өлтіріп кеткені туралы бұған дейін де хабарланған. ПД мамандарының мәліметінше, криминалист болып қызмет еткен марқұм жыл сайынғы еңбек демалысында жүріпті.
фото: qaz365.kz