23 мая, 2025
Тәртіп сақшылары үйлерді судан да бақылай алатын болды

Тәртіп сақшылары үйлерді судан да бақылай алатын болды

Қостанайдың су басқан жерлерінде полицейлер тәулік бойы қызмет атқарып жүр.

Патрульдеуге күн сайын 200-ге жуық полиция қызметкері, әскери қызметшілері мен Академияның курсанттары қатысып жатыр.

Олардың басты міндеті – эвакуацияланған тұрғындардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету.

Кешеден бастап оларға балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері қосылды.

Енді тәртіп сақшылары үйлерді судан да бақылайтын болады.