Қазіргі аумалы-төкпелі заманда балалардың мінез-құлқы өте жылдам өзгеруде, цифрлық орта, әлеуметтік желілер арқылы жас буынның ақыл-ойларын жаулап алуда. Интернет желісі – баланың мінез-құлқына, тәрбиесіне және көзқарасына айтарлықтай кері әсер етуде.
Интернет желісіне үнемі, тұрақты түрдегі қолжетімділік, тиым салынған мазмұндағы бейне контектілерді, мобильді құралдарды күнделікті қолданысқа айналдыру, өскелең ұрпақтың санасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде елімізде кәмелет жасқа толмағандар арасында ұрлық, зорлық-зомбылық, құқық бұзушылық фактілері артып келеді.
Осыған орай, кәмелет жасқа толмағандардың құқық бұзушылық мәселесі бойынша №23 ЖББМ жүргізілген профилактикалық жұмыстардың орны ерекше. Мектеп жасөспірімдерді үйірмелерге, спорт секцияларына және әлеуметтік жобаларға тартуға тырысады, олардың өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін оятуға, белсенділік пен тәртіпті арттыруға бағытталған.
Ағымдағы оқу жылында, мектебіміздің 500-ден астам оқушылары қамтылған тәрбие аспектісін келесі жобалармен толықтыруға мүмкіндік туды: «Жеткіншектің Жеті Жарғысы», «Еңбегі адал жас өрен», «Ұлттық мектеп лигасы», «Балалар кітапханасы».
Сонымен қатар, тұтас білім беру бағдарламасын жүзеге асыру ерекше рөл атқарады. Барлық сыныптан тыс іс-шаралар адал еңбекті жоғары бағалай білуге, рухани-адамгершілік қасиеттерді, адалдықты дамытуға, дұрыс кәсіби бағытты білуге бағытталған. Өйткені, қадір-қасиетке, ар-намысқа, адалдыққа, патриотизмге, жауапкершілікке, әдептілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу маңызды. Осыған орай, жүргізілген іс-шаралар мен мәдени деңгейді, сананы қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ қылмыс тудыратын себептердің алдын алу, кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Айнұр Жапанова,
М.Қозыбаев атындағы №23 ЖББМ директорының ТЖ жөніндегі орынбасары.
Қостанай қаласы