«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп бекер айтылмаған. Қаншама уақыт өтсе де өзінің құндылығын, өзектілігін жоймайтын бір маңызды мәселе бар, ол – жас ұрпақ тәрбиесі. Мектеп баланы тәрбиелеуде жан-жақты білім берумен қатар, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығына баса мән берудеміз.
Жалпы оқу жылы басталысымен ұжымға және мектеп оқушыларына құқықтық білім беру мақсатында мектепте жалпыға бірдей құқықтық оқыту сабақтары жүргізіледі. Соған орай құқықтық оқыту барысында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер (заңдар) бойынша сабақтар, дөңгелек үстел және пікірталас өткізіледі. Жалпы, мұндағы мақсат жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру.
Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу үшін жүргізілетін іс-шаралар атап айтсақ, тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою, оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру, оқу, еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру, отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту, сөз, баспасөз бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды өткізу. Тәрбие құндылықтары арқылы ақпараттық медиа және қаржылық сауаттылыққа, жан мен тән тазалығын сақтай білуге тәрбиелеу.
«Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында жұмыстар қолға алынды. 2023-2024 оқу жылында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде баланың құқықтық тәрбие беруде жоба арқылы да жұмыс жүргізілетін болады.
Бұған дейін де Қостанай қаласы №28 мектеп-гимназиясы жоғары сыныптар арасында «Құқықтық сағат», «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жалпы заң төңірегінде түрлі жиындар өткізіліп келеді.
Біз өз тарапымыздан жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты азайту үшін ата-аналармен, жасөсірпірімдермен әрдайым профилактикалық іс-шаралар жүргізіп отырамыз. Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан болады. Ойымды аяқтай келе, әр бала тұлға. Оның тағдырына мектеп те, ең бастысы ата-ана да жауапты. Сондықтан, бала тағдырына жеңіл-желпі қарамайық.
Назгүл
БАЙДІЛДАЕВА,
Қостанай қаласы №28 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.