Кезінде Халықаралық «Азия дауысы», «Жас қанат» республикалық байқауларының лауреаты, жерлес әнші Манарбек Байтасов бүгінде Алматы қаласында тұрады. Әлемнің әр шалғайындағы даңқы жер жарған өнерпаздарды Алматы төрінде тоғыстырып, әлі танылмаған жас әншілердің томағасын сыпырған да осы «Азия дауысы» болатын. Жерлесіміз осылай танылды.
Оңтүстік астанаға баруына да себепші болды. Ұзынкөл ауданының тумасы Оңтүстік астанада тұрғанымен жыл сайын туған жеріне келіп тұруды дәстүрге айналдырған.
–Туған өлкеге қош келдіңіз, келу сапарыңыз жайлы айтып өтсеңіз
– Қостанай облысындағы аудандарды аралап, концерттер берсем, деген ойымен келдін. Негізі Қостанайда таланатты жастар өте көп. Соларға жәрдем беретін, ақыл айтатын, аранжировкаларын жазып беретін кәсіби маман қажет-ақ. Көбі жергілікті жердің көлемінен шыға алмай, қала береді. Қолдау жағы жетпей жатады. Неге десеңіз, мұның бәрі қаражатқа келіп тіреледі. Ол жағына келген кезде құлақтары естімей қалады. Сондықтан ойлағанмын, басшылық қолдаса, облыста ауыл-аймақтарға концерт беріп, облыстық көркемөнерпаздардың халық шағармашылығы мен кинобейнеқор орталығы басшысы Дамир Қалқаевпен сөйлесіп, аудандарды аралап, жеке концерттерімді берсем деп ойлағанмын. Азғантай қаржы тапсам, үлкен студия ашып, жастарға жәрдемдесу.
Ұзынкөл – менің туған жерім. Арзамас совхозы, Аманкелді деген ауылында туғанмын. 1992 жылы алғаш «Жас қанатқа» қатысып, үлкен сахнаға шықтым. Жалпы әнді он үш жасымнан айта бастадым. 1992 жылы Қазақстанның атынан «Азия дауысына қатысып, үшінші орын иелендім. Қазақстаннан мен ғана жеңімпаз атандым. «Аузы қисық болса да, байдың қызық сөйлесін» деген бар ғой. Ол кезде шоу бизнес болған жоқ. Әйтпесе, сол кезде «Ана» туралы әнімді күніне үш рет телеарналардан беріп жататын.
Той-томалақ, мейрамханаларға шақырып жатады. Барып, әнімді айтамын. Кейін өнерден қол үзген жоқпын. Шағын мейрамханаларда ән айтып, табыс тауып жүрдім.
– Ұзынкөл ауданына арнап шығарған «Туған жер» деген әніңіз бар екен. Жаңа туынды өмірге қалай келді?
–Бұл әнді маған Алматыда Өскенменнің жігіті Қанат Құсайынов деген досым сөзі мен әнін жазып берді. Ұзынкөл ауданына, өзімнің туған жеріме арнап шығарылды. Жеке ютуб каналым бар. Онда 16 ән жинағым тіркелген. Бұл әннің тарихын қысқаша айтып өтейін, Ұзынкөл ауданының 75 жылдық мерейтойға бара жатырғанымды естіп, жолдасым шашу ретінде шығарып берді. Қазір Ұзынкөл ауданының әнұранына айналған. Одан кейін кеңінен танымал «Анажан» деген әнімнің де бейнебаяны бар. Кезінде Қостанай каналына шақыртқан, сол жерде айтқан болатынмын. Әннің сөзін Қонысбай Әбіл жазған. Бірақ Қонысбай Әбілдің сөзі сәл басқашалау. Сол әнмен «Жас қанат», «Азия дауысына» қатысып, үлкен сахнада үшінші орынды иелендім. Ана туралы ән болғаннан соң ба, көпшіліктің көңілінен шықты. Сол кезде айтқан әнімді қазір телевидение мұрағатынан іздеп таба алмай жүрмін. Ол кезде «по вашей письмам» деген бағдарлама болатын, ылғи қоңырау шалушылар осы әнді сұрап жататын.
Кезінде Қазақстанның халық артисі, қазақтың бағына біткен ерке қызы Мақпал Жүнісовмен бірге ән айттық. 1993 жылы қазақ композиторы, әйгілі күйші, домбырашы Секен Тұрысбековтің әнімен «Азия дауысында» шықтым. Үлкен сахнада «Азия дауысында» Француздың эстрада жұлдызы Патрисия Каас, Дидье Маруани, Алла Пугачева, Владимир Пресняковпен сахнада қатарлас тұрдық. Мен ол кезде конкурсқа қатысушы, олар қонақ ретінде қатысты.
– Кезінде Сізді Ресейге де шақырған деп естіп қалдық…
– Кейін ресейлік әншілерден: «дауысың жақсы екен, Мәскеуге баруға қалай қарайсың» деген ұсыныстар түсті. Белгілі продюсер, «Жас Қанат», «Азия дауысы» байқауларының негізін қалаушы Мұрат Ерғалиевке айттым едім, ол кісі: «бірінші Алматыда істеп көрсеңші» деп ақылын айтты.
Мен сыртта жүрсем де, кіші Отанымды ешқашан ұмытқан емеспін. Жеке альбомымды жарыққа шығардым. Репертуарымда Обағанның тумасы Ғұсман Наурызбаев ағамыздың Қостанайға арнап жазған өлеңі бар. Үнемі айтып жүремін.
– Әңгімеңізге рақмет!
Шұға ҚОҢҚАБАЙ