Су тасқынынан зардап шеккен қыстақ тұрғындары киіз үймен қамтылды (ВИДЕО)

Су тасқынынан зардап шеккен қыстақ тұрғындары киіз үймен қамтылды (ВИДЕО)

Аманкелді ауданына демеушілерден келіп жатқан гуманитарлық көмектің легі әлі де толастар емес.

Астанадағы «Біз біргеміз» ұйымы зардап шеккен ел тұрғындарына жиырма бес киіз үй беріп жіберген.

«Бұл киіз үйлер су шайған елді мекен тұрғындарына жеткізілді. Қабырға, Жаңатай, Ақкісі ауылының тұрғындары тікұшақпен үйлеріне оралды. Қазір бұзылған үйлерін қалыпқа келтіру мақсатымен сенбілік ұйымдастырып, шығын болған мал-мүліктерін өз беттерінше шығарып жатыр. Бұл жөнінде гуманитарлық көмек орталығы тапсырыс қабылдап, қажетті заттарға өтініш берді», –деп хабарлады сол өңірдегі тілшіміз Айбек Таңатбаев.

Жаңалықтармен бөлісу