Су тасқыны кезінде ҚХА мүшелері қандай көмек көрсетті?

Су тасқыны кезінде ҚХА мүшелері қандай көмек көрсетті?

Сәуір айының басында облысқа төнген табиғи апат қазақстандықтардың достығы  берік  екенін тағы бір мәрте дәледеді. Соның арқасында басымыздағы қауіп-қатер дер уақытында сейілді.
Ел басына күн туғанда бәрі ойланбастан туған жерін қорғауға асықты.

Тілсіз жаумен бірге күресуге қазақ, орыс, татар, армян және басқа да этнос өкілдері ымырашылдықпен жұмыла білді. 2024 жылдың 4 сәуірінде түсірілген бұл фотосуретте жасына, ұлтына және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан үйлерді алдағы су тасқынынан қорғауға келген қарапайым адамдар бар. Солардың бірі Байболат Сегізбаев Қостанайдағы барлық іс-шарының басы-қасында жүріп, қазақ контентін насихаттаушы белгілі КВН жұлдызы. Су тасқыны кезінде ол ерікті ретінде көмек қолын созудан аянған жоқ. Достық үйінде гуманитарлық көмек қабылдады, тиеуге және түсіруге ат салысты.

Тобыл қаласы Морозов көшесіндегі бөгетті нығайтқандардың қатарынан да табыла білді.
Евгений Сотников те ерекше таныстыруды аса қажет етпейтін адам.

Ол облыстық мәслихат депутаты, облыстық филиалда Беларусь қауымдастығының төрағасы, барлық дерлік облыстық іс-шаралардың жүргізушісі. Айналаны топан су басқанда арнайы киімін киіп, қапшықтарды құммен толтыруға ол да барды. Маңайын судан қорғау үшін жағалаудағы тұрғындарды қауіпсіз жерге шығаруға көмектесті.
Ринат Насыров облыстық “Жастар Ассамблеясы” жастар қозғалысының мүшесі.

Ринат құжаттағы нәсілі орыс болғанымен, жаны – казак. Жан-жағына аса мейрімді, жақындарына қамқор да кішіпейіл. Су тасқыны кезінде ол да қоғамнан шет қалған жоқ. Денис Гайнутдинов облыстық орыс драма театрының актері. Ол табиғи апат кезінде күші мен уақытын сарп етіп, судың ағысын бұруға көмектесті.
Сергей Григорян – “Эребуни” армян қауымдастығы төрағасының орынбасары. Қазақстан халқы Ассамблеясында 20 жылдан астам қоғамдық өмір сыйлаған адам.

Ол да Тобыл жағадан шыға бастағанда, 75 жасына қарамай, этностардың басқа өкілдерімен бірге бөгетті нығайтуға барды, өз қауымдастығында гуманитарлық көмек жинау жұмыстарын үйлестірді, әрқашан байланыста болды.
Бұл азаматтар қашанда айналаның тағдарына бейжай қарамайтын қостанайлықтар. Қаланы қиын сәтте нәубеттен қорғауға шықты. Ауызбірлік біздің халқымыздың сарқылмас көзі екенін дәлелдеді.

Айбек ТАҢАТБАЕВ

Жаңалықтармен бөлісу