Қостанай ауданының «Этно аруы» анықталды

Қостанай ауданының «Этно аруы» анықталды

Анастасия Горнолева Тобыл қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған әртүрлі этнос өкілдерінің қыз-келіншектері арасындағы «Этно Аруы» байқауында жеңімпаз атанды.
Қостанай аудандық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл байқауға алты ару қатысты.

Олар «Алтын дән» мәдениет үйінде өздерінің шеберліктерін ортаға салып, өнерлерін көрсетті.

Салт-дәстүрлерін таныстырып өтті. Әділ қазы алқалары әділ бағаларын беріп, осылайша жеңімпазды анықтады.

«Жеңімпазды анықтау оңай болмады. Қатысушылардың дайындығы бір-бірінен асып тұрды», – дейді ұйымдастырушылар.

Жеңімпаз бен басқада қатысушыларға сый-сияпаттар тарту етілді. Әртүрлі номинациялар бойынша дипломдар берілді.

Құрметпен жеңімпазға лента тағылды.

Жаңалықтармен бөлісу