Жастар ресурстық орталықтарының еріктілері су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесуге келді. Арқалық жастары су кірген үйлерді қардан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Барлығы 100 – ге жуық ерікті, 4 колледж және өңірлік ЖОО өкілдері жұмылдырылды.
Су тасқынынан зардап шеккен Аманкелді ауданында бейжай қарамайтын кәсіпкер, жергілікті “Самғау” кафесінің иесі Гаухар Искендирова су тасқынын жоюға қатысушыларға азық-түлік тасымалдауды ұйымдастырды.
Қостанай облысы ҚХА-ның этномәдени бірлестіктері қиыншылықтан тыс қалмады. Қауымдастық белсенділері ақша жинауды ұйымдастырды және еріктілерге 1000 қап, 500 жұп қолғап, күрек пен күрек саптарын сатып алды. Бұл қазіргі таңда апатпен күресу үшін қажет құралдар. Құрал-сайман Аманкелді ауданына жіберілді. Қостанай облысының әкімдігі апатқа қарсы күресте көмек көрсететін барлық азаматтарға алғысын білдіреді