Қазір Қаратомар, Жоғарғы Тобыл, Желқуар су қоймалары бақылауда ұсталып отыр. Каратомар су қоймасынан жүйіткіген толқынның жылдамдығы секундына 2625 текше метрге дейін төмендеді.
Дей тұрғанмен, жергілікті атқарушы органдар мен барлық мүдделі коммуналдық қызметтер су тасқынына қарсы барлық қажетті шараларды әлі де жүзеге асырып жатыр.
Қостанай облысының аумағында Қостанай, Қарасу, Федоров, Б.Майлин аудандары мен Қостанай қаласында 275 үй су астында қалды деген дерек келіп түсті. Айналасын су басып кеткен «Апельсин» сауда орталығының барлық материалдық құнды тауарлары қауіпсіз жерге көшірілген.
Осыған дейін 8878 адам эвакуацияланса, 464 адам уақытша орналастыру пункттеріне жайғасқан.
Федоров, Қарабалық, Қарасу, Әулиекөл, Б.Майлин, Қостанай аудандарында тасқынға қарсы шаралар жалғасып жатыр.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Б.Майлин ауданының тұрғындары үйлеріне қайта оралды.